Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясында «Дос болайық» челленджі ұйымдастырылды

Аталған челлендж жақсы сөз бен қолдау көрсетуге бағытталған бейнероликтер арқылы мектеп оқушыларының бір-біріне құрмет, мейірім және өзара қолдау көрсетуін насихаттауды мақсат етті.

Іс-шара гимназияның Мектеп парламенті тарапынан ұйымдастырылып, оқушылар арасында достықты нығайтуға, жағымды қарым-қатынас орнатуға және психологиялық қолдау көрсетуге бағытталды. Челлендж барысында оқушылар бір-біріне жылы сөз айтып, ізгі ниеттерін білдіріп, өзара сыйластықтың маңызын көрсетті.

Бұл бастама оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, мектеп ұжымында жағымды орта орнатуға және бірлік пен ынтымақты арттыруға ықпал етті.

Директорға сұрақ қою