Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

І.Есенберлин атындағы № 67 гимназия Абайға – 181 жыл! Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай атқарылған іс-шаралардың анықтамасы

Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай 3 «В» сынып оқушысы Салимгерей Алинур ақынның өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.
Абай мұрасы – ұрпаққа аманат, рухани қазына!

Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияның мектеп ұстаздары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына орай «Өзгеге, көңілім, тоярсың» әнін бірге орындады. Ұстаздар қауымы әсем ән арқылы Абайдың мол мұрасына құрмет көрсетіп, ақын шығармашылығын дәріптеді. Абайдың өшпес мұрасы – ұрпақ тәрбиесінің, білім мен адамгершіліктің асыл қайнар көзі. Абай мұрасы – мәңгілік мұра!

19 тамыз күні Ілияс Есенберлин атындағы № 67 гимназияда ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Абайдың қара сөзі – шахматтың қара тақтасы» атты танымдық іс-шараны дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Қабдыбек Асылбек және Балғабек Ердаулет ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Абайдың қара сөздеріндегі ақыл, еңбек, ізденіс, сабыр, тәртіп және жауапкершілік ұғымдары шахмат фигураларымен байланыстырылды.Шахмат арқылы оқушылар Абайдың терең ойларын түсініп, әр жүрістің артында ой мен жауапкершілік тұратынын көрсетті.Абайдың қара сөзі – ойға жетелейді,шахматтың қара тақтасы – ойды шыңдайды!

Директорға сұрақ қою