«Нағыз ер азамат болу — намыс пен жауапкершілік» тақырыбы
21.01.2026 жылы «Заң және тәртіп» жобасы аясында гимназия қабырғасында әкелер мен оқушылардың қатысуымен «Нағыз ер азамат болу — намыс пен жауапкершілік» тақырыбында тағылымды ашық диалог ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында ер азаматқа тән асыл қасиеттерді қалыптастыру, заңға құрметпен қарау, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезіндіру.
Іс-шара барысында әкелер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі, отбасындағы тәртіп пен сыйластық, адалдық пен намыс ұғымдарының маңыздылығы жөнінде ой қозғады. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасу арқылы пайдалы кеңестер алды.Ашық диалог форматында өткен кездесу жасөспірімдердің саналы азамат болып қалыптасуына, дұрыс бағыт-бағдар алуына үлкен әсер етті. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар қоғамда заң мен тәртіпті нығайтуға, ұрпақ тәрбиесінде әке беделін арттыруға ықпал етеді.



