«Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында алғашқы қоңырауға арналған салтанатты саптық жиынның анықтамасы
1 қыркүйек – Білім күніне орай мектебімізде 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында алғашқы қоңырауға арналған салтанатты саптық жиын өтті.
Ата Заңымыздың құндылықтарын ұлықтап, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл мерекелік шара жаңа оқу жылына ерекше серпін берді.
Жаңа оқу жылы білімге, жаңа жеңістерге және игі бастамаларға толы болсын!
Білім жолындағы әр қадамдарыңыз сәттілікке бастасын!